×
Экомед: жаңа өмір үшін үш
онжылдық инновациялар
1997
1997
1998
1999
2006
2010
2011
2012
2016
2017
Ауыр ерлер бедеулігін емдеуде ICSI технологиясын қолдану нәтижесінде сәби дүниеге келді
Аналық жасушаларын донорлық бағдарламасы мен суррогат ана бағдарламасы арқылы сәбилер дүниеге келді
Жабық аталық без бен оның қосалқыларының биопсиясы (TESA, PESA) қолданылғаннан кейін алғашқы жүктілікке қол жеткізілді
Қазақстанда алғаш рет эмбриондарды криоконсервациялау процедурасынан кейін бала дүниеге келді
Тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу мақсатында жүргізілген преимплантациялық генетикалық диагностика технологиясын қолданғаннан кейін алғашқы бала дүниеге келді
Қазақстанда алғаш рет мұздатылған аналық жасушасын ұрықтандыру нәтижесінде сәби дүниеге келді
Впервые на пространстве стран СНГ у нас родился ребенок после использования малой стимуляции
«Кепілді ЭКҰ» бағдарламасы енгізіліп, осы бағдарлама бойынша алғашқы бала дүниеге келді
NGS озық технологиясын қолдану нәтижесінде сәби дүниеге келді
Жапон профессоры О. Като мырзамен ынтымақтастықтың басталуы және елімізде «Минималды стимуляция» технологиясының сәтті енгізілуі. Минималды стимуляция – бұл емдеу сапасын арттырып қана қоймай, материалдық шығындарды азайтуға, сондай-ақ ЭКҰ бағдарламаларының әртүрлі асқынуларын (гиперстимуляция синдромы, көпұрықты жүктілік) болдырмауға көмектесетін және әйел ағзасына түсетін гормондық жүктемені физиологиялық деңгейден асырмайтын әдіс
Қазақстанда жапон ғалымы Масашигэ Куваяманың тікелей қатысуымен гаметалар мен эмбриондарды сұйық азотта витрификациялау («Cryotech») технологиясы енгізілді. Бұл — еріту барысында гаметалар мен эмбриондардың 100% өміршеңдігін сақтауға мүмкіндік беретін әлемдегі жалғыз технология